Жаңалықтар

Алматыда "Plastic Reboot" акциясы аясында 27 мың пластик бөтелке жиналды

Алматыда "Plastic Reboot" акциясы аясында 27 мың пластик бөтелке жиналды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 29.10.2024 17:43 348
Алматыда 18-24 қазан аралығында республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы мен қалалық "Жарқын күз" науқаны аясында пластик ыдыстарды жинау бойынша "Plastic Reboot" акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір апта ішінде қала тұрғындары экологиялық жағдайды жақсартуға деген қызығушылықтарын білдіріп, 26 950 дана пластик тапсырды. Әсіресе, Жетісу және Алмалы аудандарының тұрғындары белсенділік танытты.

"Plastic Reboot" акциясы қайта өңдеу идеясын насихаттауға және қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Науқан барысында жиналған пластик қайта өңдеуге жіберіліп, табиғатқа кері әсерін тигізетін пластик қалдықтарының көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қалада пластик бөтелкелердің қақпағын жинау бойынша "Мейірімді қақпақ" акциясы жалғасуда, ол қаладағы оқу орындарында өтуде. Акция осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады, оған балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер белсенді түрде қатысып отыр. Ұйымдастырушылар балалардың эко-жобада маңызды рөл атқаратынын айтады, себебі олардың қатысуы арқылы табиғатқа деген оң көзқарас жас кезінен қалыптасады.

Қақпақтарды жинау нәтижесінде қайта өңделген пластиктен жасалған ерекше жаңажылдық шырша құру жоспарланып отыр. Бұл символикалық арт-нысан Жаңа жыл мерекелерінде қала алаңдарының біріне орнатылып, тұрғындардың назарын қайта өңдеудің және экологиялық өмір салтының маңыздылығына аударуға бағытталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға