Жаңалықтар

Алматыда пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыда пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.07.2024 06:28 587

Алматыда ұзақ уақыт пайдаланбаған жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаментімен ЖШС-не қатысты жүргізілген тексеру барысында жер телімін ұзақ уақыт пайдаланбау дерегін анықталды. Жалпы ауданы 2,14 га жер учаскесі тұрғын үй құрылысына берілген болатын.

Департаментпен серіктестікке аталған бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою бойынша тиісті нұсқама берілді. Алайда аталған нұсқамадағы талаптар орындалмағандықтан, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап арыз жолдады. Алматы қаласы сотының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға