Алматыда өткен жылы қанша жұмыс орны ашылды
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 73,9 мың жұмыс орны құрылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 61,5 мыңы тұрақты жұмыс екені айтылды. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндағы маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып отыр. Өткен жылдың 9 айында ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% - ға өсіп, 470 мың теңгені құраған.
2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Алматы индустриалды аймақта 485 млрд теңге сомасына 67 жоба іске асырылуда, мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 2,7 мың жұмыс орнын құрумен 197 млрд теңгеге 15 жобаны іске қосу жоспарлануда. «ИТП» АЭА-да 220 жұмыс орнын құрумен 31 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылуда. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, бұл 361 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мегаполисте жылдық инфляция 7,5%- ға дейін төмендейді деп болжануда, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан ақпаратта.