Жаңалықтар

Алматыда өткен жылы бір тоннадан астам есірткі тәркіленді

Алматыда өткен жылы бір тоннадан астам есірткі тәркіленді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 06.02.2024 16:51 547

Алматыда өткен жылы бір тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай мәліметтерді Алматы полициясы өткен жылдың көрсеткіштерін қорытындылай келе келтіріп отыр. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі “Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын” әзірлегені туралы бірнеше рет хабарланған болатын. Басты мақсат – жалпыхалықтық деңгейде іс-қимыл жасап, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды кеңінен тарту.

2023 жылы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам синтетикалық есірткінің кемінде 1,5 миллион дозасын таратуға тосқауыл қойылған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді, олардың біреуі Испания мен АҚШ-тан есірткілерді алып, кейін оларды бетбелгілер арқылы сатқан. Қатысушыларға қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оны басқарғаны үшін қылмыстық істер қозғалып, заңдастыру және контрабанда деректері де дәлелденді. Тағы бір топ зертханалық жағдайда синтетикалық препараттарды өндіруде қолданылатын прекурсорлардың үлкен партиясын Ресей Федерациясынан Алматы қаласына жеткізуді ұйымдастырды. Тінту кезінде 72 тонна прекурсорлар тәркіленді, осылайша қойма ғана жойылып қана қоймай, сонымен қатар 7 ірі есірткі зертханасын құруға арналған жабдықтар мен материалдар тәркіленді. Өткен жылы қалада барлығы 16 есірткі зертханасы жойылды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кетейік, интернет арқылы электронды төлемдерді пайдалана отырып, жасырын орындарда арқылы есірткіні тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. 90 есірткі бетбелгісін қоюшылар ұсталды.Сонымен қатар, 6 түнгі ойын-сауық мекемесінің қызметкерлері есірткі заттарын таратқаны үшін ұсталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға