Жаңалықтар

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді
27.11.2019 17:50 4377

27 қарашада Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» тақырыбында шеберлік сабақтары және Қазақстанның танымал спортшыларымен кездесу өтті.

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Іс-шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін, қазақстандық патриотизмді нығайту, қазақ халқының біріктіретін негіз ретінде салт-дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен, философиясымен және құндылықтарымен таныстыру мақсатында өткізілді.

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Іс-шаралар барысында Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының концерттік бағдарламасы өтті, қазақтың ұлттық қолданбалы өнері мен ұлттық тағамдарының көрмелері, қазақ халқының мәдениетін, тарихын және тұрмыс-тіршілігін насихаттауға бағытталған «Ата өнері – ұрпаққа мұра» тақырыбындағы қазақстандық қолөнершілерінің шеберлік сыныптары өтті.

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Қатысушылар мен қонақтар белгілі бір заттың пайда болу тарихымен және оларды жасау әдіснамасымен таныса алды.

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Әрі қарай, Республикалық Достық үйінің баспасөз залында Қазақстанның танымал спортшыларымен кездесу өтті. Олардың қатарында қазақстандық ауыр атлеті, әлемнің екі дүркін чемпионы (2009 және 2010), 2011 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері Майя Манеза, атақты қазақстандық ауыр атлеті, Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершов, еркін күрестен жастар арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, республикалық «Ахыска» түрік орталығының мүшесі Адлан Асқаров, еркін күрестен спорт шебері Руслан Сымтыков, бокстан ұлттық студенттердің жаттықтырушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының бокс бойынша жаттықтырушысы Дастан Сәдуақасов.

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Алматыда отандық қолөнершілер тұрмыстық заттарды жасаудан шеберлік сыныптарын өткізді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға