Жаңалықтар

Алматыда өсімдіктерді биологиялық қорғаудың жаңа әдісі қолданылуда

Алматыда өсімдіктерді биологиялық қорғаудың жаңа әдісі қолданылуда
Фото: instagram.com/akimat_almaty 25.04.2025 20:26 197

Алматыда қаланың тұрақты дамуы аясында жасыл желектерді маусымдық өңдеу бағдарламасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағаштар мен бұталарға күтім жасау үшін заманауи биофунгицидтер, биоакарицидтер, бактериялық препараттар мен микротыңайтқыштар қолданылуда. Мұндай тәсіл химиялық жүктемені азайтып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Жұмыс төрт кезеңде – 20 сәуірден 20 қыркүйекке дейін, негізінен түнгі уақытта жүргізіледі. Адамға, жануарға және құсқа қауіпсіз, қауіптілігі төмен сертификатталған препараттар қолданылады.

Қала әкімдігі соңғы төрт жылдағы нәтижелер биоөңдеудің тиімділігін, әсіресе каштан көбелегі, долана және раушан жапырақ ширатқышы секілді зиянкестерге қарсы күресте тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Жүйелі қолдану қауіпті жәндіктердің санын азайтып, қаладағы ағаштардың жай-күйін сақтауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға