Жаңалықтар

Алматыда өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

Алматыда өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі
Фото: t.me/qr_tjm 30.11.2023 18:05 1039

Алматыда өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев ӨҢК-де өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы хостелде болған өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі, – деді Айдар Жақыбаев.

Сондай-ақ әкім қаза тапқан шетелдік азаматтардың отбасыларына да мәйітті жерлеу орнына дейін тасымалдауға көмек берілетіні туралы хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы қаласындағы хостелдерің бірі өртеніп, салдарынан 13 адам қаза тапты. Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға