Алматының орталығындағы 4 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Тілсіз жау үйге жапсарлас салынған бургер әзірлейтін нысан, сондай-ақ асхана ғимараты мен 3-ші қабатта орналасқан пәтерге тараған. Абай даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үйдің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 14:31-де түскен.
Өрт сөндіру барысында 2 адам құтқарылды. Оның бірі – бала. Сондай-ақ 60 адам эвакуацияланды. 2 сағат арпалысқаннан кейін тілсіз жау толық сөндірілді.
Оттан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындары уақытша қонақ үйлерге жайғастырылады. Өрттің шығу себебін арнайы зертхана мамандары анықтайтын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
