Алматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді
Алматыда 15-18 тамыз аралығында жасөспірімдер мен жастар, жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар арасында 2024 жылғы өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы – Қазақстанда осы санаттағы жарыстар өтетін алғашқы қала. Бұған дейін 2014 жылы Алматы ересектер арасында әлем чемпионатын өткізген болатын, дәл сол кезде өрт-құтқару спорты тарихында алғаш рет әйелдер арасында әлем чемпионаты өткізілді.
Қалалық әкімдік мәліметінше, әлемдегі үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағы үшін алты елдің Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары арасында сайыс өтеді. Сонымен қатар, Камерун мен Сауд Арабиясының өкілдері бақылаушы ретінде шақырылған.
Төрт күн бойы спортшылар өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтарды бағындырады.
Салтанаты ашылу рәсімі 15 тамызда сағат 20.00-де Орталық стадионда өтеді. Шоу арнайы отты эффектілермен, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен, ТЖ жағдайында өрт сөндірушілердің күшін көрсететін құтқарушы спортшылардың жанды қойылымдар көрсетілуімен өтеді. Сондай-ақ қатысушы командалардың шеруі өтеді.
18 тамызда сағат 20:00-де салтанаты жабылу рәсімі және әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Орталық стадионда «Has Sak» этно-фольклорлық тобының әртістері өнер көрсетеді. Іс-шара салтанатты отшашумен аяқталады.
Күні мен уақыты: 15 тамыз сағат 20.00. Мекен-жайы: Орталық стадион (Сәтбаев көшесі, 29/3). Кіру тегін!