Жаңалықтар

Алматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аяқталды
Фото: Видеодан кадр 20.08.2024 00:18 515

Алматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Қазақстан, Беларусь, Болгария, Ресей, Словакия және Чехия спортшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс спорттық пәндердің төрт түрінен өтті. Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Ресей командасы жеңіске жетсе, одан кейінгі орындарға Беларусь пен Қазақстан тұрақтады.

Қыздар мен жасөспірімдер арасында ресейліктер басым түсті, екінші орынды белоруссиялықтар иеленсе, қазақстандықтар үшінші орынға табан тіреді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазақстандық команда «Жауынгерлік қанат жаю» бойынша чемпион атанды.

Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Алматы әкімдігіне алғысын білдіріп, ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен әділ төрешілікті атады. Сондай-ақ елдеріміздің апаттық-құтқару қызметі арасындағы достық байланыстарды нығайтуға үміт білдірді.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға