Алматыда «Оркестр түні» өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ауқымды музыкалық жоба ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық оркестр «Оркестр түнін» дәстүрлі түрде 5-ші жыл өткізіп жатыр. Іс-шарада классикалық, қазақ күйлері және әлемдік туындылар орындалды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кеш қонақтары ретінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Толғанай Пазылақын, Халықаралық конкурстардың лауреаты Нұрғалым Аманбай және Диана Исмаил шақырылды. Сонымен қатар мәдениет қайраткерлері Әсел Әлімбаева, Әсел Жылқышинова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсел Рақымжан, Асхат Үрпеков өнер көрсетті.
Жобаны «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты қолдады.