Алматыда оқушы сыныптасының әкесінен таяқ жеді: білім бөлімі мәлімдеме жасады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
01.03.2024 11:27
1120
Алматы қаласында оқушының сыныптасының әкесінен таяқ жегеніне байланысты қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудандық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қабылдаған.
Айта кетейік, алты жасар оқушы сыныптасымен төбелесіп қалып, сонан соң оның әкесінен таяқ жеген. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді.
Осы оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Белгілі болғандай, полицияға шағым 2 ақпанда түскен.
Аталған мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та жасанды ұрықтандыруға тыйым салына бастады