Жаңалықтар

Алматыда өгей қызын ұзақ уақыттан бері зорлап келген азамат қамауға алынды

Алматыда өгей қызын ұзақ уақыттан бері зорлап келген азамат қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.10.2023 11:02 742

Алматы облысы Іле ауданының полицейлері облыста ер адам өгей қызын біраз уақыттан бері зорлап келген деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында Іле ауданында жасалған қылмыс туралы ақпараттың жариялану дерегі анықталған.

Осыған байланысты 28 тамызда жылы Іле АПБ-ның кезекші беліміне Ақши ауылының тұрғыны өзінің 10 жасар қызын азаматтық некеде тұратын жолдасы 2 жыл бойы зорлап келгені туралы арызданған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 28 тамызда осы қылмысқа күдікті ретінде 1985 жылы туған Ақши ауылының тұрғыны А. есімді ер адам ұсталып, күзетпен ұстауға алынды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға