Жаңалықтар

Алматыда өгей әкесі төрт жасар баланы ұрып өлтірген

Алматыда өгей әкесі төрт жасар баланы ұрып өлтірген
Фото: polisia.kz 26.09.2023 13:47 1644

Алматыда өгей әкесі төрт жасар баланы ұрып өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы "Не молчи" қорына қайтыс болған баланың әжесі мен оның ағасы және бөгде дереккөз хабарлаған.

2004 жылғы күдікті қамауға алынды. Алайда, бізде учаскелік полиция қызметкері қажетті шараларды уақытында қабылдамады деген күдік бар. Біз жұртшылықты бұл істі қараусыз қалдырмауға, тергеу барысын бақылауға және әділеттілікті талап етуге шақырамыз, - делінген қордың хабарламасында.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істі Наурызбай аудандық басқармасы ҚР ҚК 99-бабы, 3-бөлігі ("бала өлтіру") бойынша тергеп жатыр. 19 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмыстық істі тергеу барысы Алматы полиция департаментінің басшылығымен ерекше бақылауға алынды, - деді ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға