Жаңалықтар

Алматыда Қоғамдық келісім кеңесінің рөлі талқыланады

Алматыда Қоғамдық келісім кеңесінің рөлі талқыланады
26.09.2019 12:05 2152

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы аясында 27 қыркүйек күні сағ: 11:00-де Достық үйінде «Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі және ірі кәсіпорындар жанындағы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктер қатысады деп күтілуде.

Форум барысында Қоғамдық келісім кеңесінің халық тұрмысының сапасын жақсартудағы өзекті мәселелері, жалпымемлекеттік міндеттерді шешу жолдары, қоғамдық бақылау тетігі ретінде Кеңес рөлін арттыру, аудандық деңгейдегі, жергілікті жердегі және кәсіпорындар тәжірибесімен танысу көзделіп отыр.

Сонымен қатар форумда «Қоғамдық келісім кеңесінің тәжірибесімен бөлісу» дөңгелек үстелі мен «Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысында медиативті технологияларды пайдалану» тренингі жоспарланған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға