Алматыда нәрестені құтқарған полицияның шені өсті
Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
26.08.2022 01:36
1176
Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарып қалған полицей Нұржан Шатунов полиция майоры шенін алды, - деп хабарлайды El.kz.
"Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін майор атағын алды", - делінген хабарламада.
Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жалғас Жұмағұловтың кезекті қарсыласы анықталды
Келесі жаңалық
Атырауда туберкулезге шалдыққандар саны азайып келеді