Жаңалықтар

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 12.05.2023 23:18 999

Оқиға 12 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Медеу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Достық-Құрманғазы көшелерінің қиылысында полицейлер басына шлем кимеген мопедшіні байқаған. Ол тәртіп сақшыларының тоқтау туралы бұйрығына бағынбаған.

Жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастады. Сонымен қатар ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедші артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Мен құладым. Ал ол көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты.

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға