Алматыда млн теңге тұратын дөңгелектерді ұрлап кеткендер ұсталды
Алматы облысынан мегаполиске келген жас жігіттер көлік дөңгелектерін ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы жігіттер ұсталды.
Олар Рысқұлов даңғылындағы қоймалардың бірінің құлпын бұзып, төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 1 миллион теңгеге бағалаған. Күдіктілер ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді және аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Оқи отырыңыз:
- Жетісайда садақа жәшігін ұрлаған қылмыскерлер қолға түсті
- Елордада танысының үйіне қонаққа барған ер адам әйелінің алтындарын үптеп кеткен