Жаңалықтар

Алматыда мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салды

Алматыда мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салды
Фото: Қорғаныс министрлігі 25.10.2023 21:05 658

Алматы гарнизонының қалалық жинау пунктінде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы әскери бөліміне шақырылғандарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оларға қолдау көрсетіп, шығарып салуға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскерге алынғандардың туған-туыстары келді. Жинау пунктінде мерекелік концерт өтті, онда Алматы әскери-техникалық мектебінің курсанттары мен Алматы қаласы мәдениет мекемелерінің әртістері өнер көрсетті. 

Республика күні әскери-техникалық мектептің курсанттары әскерге шақырылушылар мен ата-аналарға мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады. Жігіттер әскерге жақсы көңіл-күймен барады. Бір жылдан кейін олар шынығып, шымыр болып келетініне сенімдімін. Олар әскери-есептік мамандық меңгеріп, тәжірибе жинақтайды, кәсіп үйреніп, жұмысқа орналасады, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ержан Хамитов.

Күзгі шақыру науқаны қыркүйектің басында басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатынын айта кету керек. Осы күзде әскер қатарына қызмет етуді кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мыңнан аса алматылық мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға