Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді
![Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді](/storage/storage/element/2024/12/31/mainphoto/136121/1200xauto_p4uG72D0xsyLxH5vZNZjdDl2yVLYKd7dPQ0KqF0t.jpg)
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
31.12.2024 13:54
452
Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма мәліметінше: 1 қаңтар - жолаушыларды тасымалдауға жылжымалы құрамның 50 пайызы шығады.
2–4 қаңтар - қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршрут өзгермейді, - делінген хабарламада.
Метро - демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)