Жаңалықтар

Алматыда мектеп асханаларын тексеретін комиссия құрылады

Алматыда мектеп асханаларын тексеретін комиссия құрылады
Фото: Алматы әкімдігі 11.09.2024 12:11 405

Алматыда мектеп асханаларындағы тамақ сапасын бақылау үшін мониторингтік комиссия құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ыстық тамақ ұйымдастыру және санитарлық нормаларды сақтау бойынша топ құру туралы бұйрықтың бекітілгенін жиналыста мәлімдеді. Комиссияны қала әкімінің орынбасары, депутаттар, санитарлық эпидемиологтар, медицина мамандары және ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кірген ведомствоаралық сараптама тобы басқарады.

Комиссияның аралық қорытындысы 15 қыркүйекке дейін, ал түпкілікті қорытындысры 25 қыркүйекке дейін шығарылады. Осы оқу жылында жаңа мәзір ұсынылып, асханаларда тағам қауіпсіздігіне баға беріледі.

Алматыда 328 мектеп бақылауда, оның 322-сі ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік осал топтардың 133 мыңнан астам оқушысы тегін түскі аспен қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға