Жаңалықтар

Алматыда мәдениет қайраткерлері марапатталды

Алматыда мәдениет қайраткерлері марапатталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 26.10.2024 06:31 534

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан елдің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистерге, ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кеше Президент жарлығымен еліміздің дамуына зор үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өнер қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, ғалымдар, түрлі саланың өкілдері, ең бастысы қарапайым еңбек адамдары бар. Бұл Мемлекет басшысының қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу бастамасының айқын көрінісі екені сөзсіз, – деді министр.

Министрліктің мәліметінше, ел Президентінің Жарлығымен ақын Исраил Сапарбайға «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағына театр әртістері Жәмиля Баспақова, Ольга Коржева, Лидия Кәден және Рихан Махпирова ие болды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Татьяна Костюченкоға, Марзия Мамидолдинаға, Сафуан Рысбайұлына, Сергей Поповқа, Ажар Юсуповаға және Олег Татамировқа берілді. Сонымен қатар бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға