Жаңалықтар

Алматыда көшеде дрифт жасаған жүргізуші қамалды

Алматыда көшеде дрифт жасаған жүргізуші қамалды
Фото: видеодан кадр 11.04.2025 14:29 456

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, «Лексус» көлігін басқарған ер адам Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.

Оны Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Соңғы кезде, әсіресе, жас жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер тек заңсыз ғана емес, сондай-ақ басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Мұндай деректің барлығына заң шеңберінде қатаң түрде шара қолданамыз. Заң мен тәртіп - қауіпсіз өмірдің негізі, – деді Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға