Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
07.01.2025 21:12
346
Синоптиктер болжамына сәйкес Алматыда 8 қаңтарда қар жауады. Осыған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -7°C-қа дейін төмендеп, күндіз 0°C шамасында болады деп күтілуде.
Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүргізушілерден көліктерін жол жиегіне қоймауды және ара қашықтықты сақтауды сұрайды. Ал жаяу жүргіншілердің жолдан өтерде сақ болғаны жөн.
Қала көшелерінде 438 арнайы техника мен 968 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Қыс басталғалы бері 220 мың шаршы қар шығарылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға