Жаңалықтар

Алматыда көлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргінші мерт болды

Алматыда көлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргінші мерт болды
Фото: Видеодан кадр 19.01.2025 19:04 121

Алматыда жол апатынан 39 жастағы жау жүргінші мерт болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

@almatylive_kz Telegram-арнасының жазуынша, «Toyota» маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Қаратаев көшесімен қиылысқан жерде рөлді басқара алмай қалған. Содан жолдың солтүстік жиегіне шығып кетіп, жиектастың үстіне соғылған. Кейін тротуарға шығып кетіп, 39 жастағы әйелді қаққан. Мұнан соң жарнама тақтасының тірегіне соғылып, көлік аударылған.  

Полиция хабарлауыша,  жол-көлік оқиғасы 19 қаңтарда таңғы сағат 5:30-да Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қала ауруханаларының біріне жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция мәліметінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға