Жаңалықтар

Алматыда көлік қаңқасының шебер жоспары бекітілді

Алматыда көлік қаңқасының шебер жоспары бекітілді
Фото: t.me/almaty_akimat 23.01.2024 03:36 807

Шебер жоспардың мақсаты – қаланың көлік инфрақұрылымын 2030 жылға дейін жақсарту және халықты жеке көліктен қоғамдық көлікке ауыстыру. Сол кезге таман қоғамдық көлікпен жүру санының 64%-ға артуы басты көрсеткіш болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Райымбек даңғылы (17 км) бойынша пилоттық дәлізді іске асыру басталады.

2025-2026 жылдары 14 дәлізден тұратын көлік қаңқасының желісі құрылады. Осы уақытта автобустарды газ бен электр қуатын ауыстыру, ЖРК-ның бірінші желісін іске қосу және «Қалқаман» метро бекетін ашу жоспарланған.

Соңғы кезең (2027-2030 жж.) 42 жүрдек қоғамдық көлік дәлізін және 75% тұрғылықты жері мен 81% жұмыс орнын қамтитын 39 тораптық бекет құру болады.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті және ауысып отыру уақытын азайтуды ескере отырып, аялдамалар мен ауысып отыру пунктінің желісін кеңейтеді.

Көлік қаңқасын құру қоғамдық көлікті дамытуға, қала тұрғындарының мобилділігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға