Алматыда көлік 7 жасар баланы қағып кетті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
22.05.2023 15:00
960
Алматыда көлік жүргізушісі баланы қағып, сонан соң балалар алаңындағы үйшікті соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 мамыр күні кешке қаладағы Алма Сити-5 тұрғын үйінде болған.
Жол апаты бейнекамераға түсіп қалған. Ал видео әлеуметтік желіде тарады.
Daewoo көлігі аула ішінде батысқа қарай жүріп келе жатып 7 жасар баланы қағып кетті, ол дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды, - делінген Алматы ПД таратқан мәліметте.
Наурызбай ауданының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Кәрім Мәсімов сот үкіміне шағым түсірді