Алматыда Kitap Fest Kids фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
KitapFest кітап фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жоба сегіз жыл ішінде шығармашылыққа құштар жандар үшін ауқымды әрі бірегей алаңға айналып үлгерді. Мұнда қазақстандық авторлар мен баспагерлердің 150-ден астам кітабының тұсауы кесілген.
Биыл фестиваль Қазақстандағы балалар жылына арналған. Сол себепті іс-шара ауқымды балалар бағдарламасын қамтиды, балалар жазушылары Лилия Клаус, Гүлнәр Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақовамен кездеседі.
Жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді. Фестивальде кітаптарды көрумен қатар, оларды жеңілдікпен сатып ала аласыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин