Алматыда кейбір ғимаратта ыстық су мен жылу бірнеше сағатқа тоқтап қалды
Алматының Бостандық ауданындағы кейбір ғимаратта ыстық су мен жылу бірнеше сағатқа өшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданының Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы бірқатар тұрғын және өзге де ғимарат магистральдық жылу желісі учаскесінің біріндегі апатқа байланысты жылу беру тоқтатылды.
1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбырдың істен шыққа. Қазір мұынмен «Алматы жылу желілері» ЖШС апатты жоюмен айналысып жатыр. Аталған секторға жылу мен ыстық су беруді жарым түнге дейін қалпына келтіру жоспарланған.
Қала әкімдігі аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауын сұрап отыр.