Алматыда караоке клубы өртенді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
18.02.2024 12:07
809
Алматы қаласында караоке клубы өртенді. Оқиға 17 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 9:56-да өрт сөндірушілер шатырының конструкциялары құлап, екі қабатты караоке ғимараты жанып жатыр деген шақырту бойынша жолға шыққан. Клубта адамдар болмаған.
Төтеншеліктер өрттің ойын-сауық орталығының 1-2 қабаттарына және көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмегенін хабарлады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін әкімшілік үш адамды эвакуациялаған.
Қызыл жалын сағат 10.43-те оқшауланып, 10.49-да сөндірілді. Қазіргі таңда маманда өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болып, екі адам ауруханаға жатқызылды
- Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді
Бөлісу:
