Жаңалықтар

Алматыда инклюзивті білім беру бойынша педагогтарға арналған курстар басталды

Алматыда инклюзивті білім беру бойынша педагогтарға арналған курстар басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 28.09.2024 02:20 512

Алматыда балабақша педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Бұл үшінші кезеңде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш аптаға жалғасатын курста мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи тренд қамтылған. Педагогтар түзету жұмыс әдістерін меңгеріп, сенсорлық интеграция мен балаларды әлеуметтік бейімдеудің заманауи тәсілдерін меңгереді.

Әкімдіктегілер биыл 440 педагог оқытылатынын айтты. Олардың 150-і - арнайы педагог. Олар психофизикалық ақауларды түзету, балалардың моторикасы мен сөйлеуін дамыту, әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі.

Курс мақсаты – білім сапасын арттыру және балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау. Оқу біткен соң қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға