Жаңалықтар

Алматыда инклюзивті білім беретін педагогтарға арналған курстар басталды

Алматыда инклюзивті білім беретін педагогтарға арналған курстар басталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 28.09.2024 10:24 424

Алматыда 23 қыркүйектен бастап балабақша педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Бұл үшінші кезеңде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш аптаға жалғасатын курста мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи тренд қамтылған. Педагогтар түзету жұмыс әдістерін меңгеріп, сенсорлық интеграция мен балаларды әлеуметтік бейімдеудің заманауи тәсілдерін меңгереді.

Биыл 440 педагог оқытылады, олардың 150-і арнайы педагог. Олар психофизикалық ақауларды түзету, балалардың моторикасы мен сөйлеуін дамыту, әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі.

Курстың мақсаты – білім сапасын арттыру және балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау. Оқу біткен соң қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға