Жаңалықтар

Алматыда инфляция 7-8% деңгейінде болады деп күтілуде

Алматыда инфляция 7-8% деңгейінде болады деп күтілуде
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 26.03.2024 17:02 555

Алматыда инфляция баяулауда. Мәселен, ақпан айында жылдық инфляция қарқыны 2023 жылғы желтоқсандағы 10,2%-дан биылғы қаңтардағы 9,9% дейін төмендеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, ел экономикасының барлық негізгі салаларында іскерлік белсенділіктің кеңеюіне байланысты үш ай қатарынан инфляциялық күту төмендеуде. Оң факторларды ескере отырып, 2024 жылы Алматыда инфляция 7-8% деңгейінде болжанады, - деп атап өтті Алматы әкімі.

Айта кету керек, 2024 жылға ҚР Үкіметі ел бойынша инфляцияны 6,5%, ал Ұлттық банк 7,5-9,5% деңгейінде болжайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға