Алматыда гүл дүкені өртке оранды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
21.02.2024 09:38
784
2024 жылғы 21 ақпан күні таңертең Алматының Достық даңғылында орналасқан гүл дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 8:51-де ауданы 25 шаршы метрді құрайтын дүкен өртенді.
Сағат 9:06-да өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген мәліметте.
Өрт сөндіруге 10 құтқарушы мен екі техника бірлігі жұмылдырылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда бала ойын-сауық кешенінің шахтасына құлап кетті