Жаңалықтар

Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 20.11.2024 16:35 384

21 қарашада «Граждане крыши» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

«Граждане крыши» – Гүлшат Смағұлованың режиссерлік дебюті. 15 жылдан астам продюсерлік тәжірибесі бар автор бұл фильмде ерекше достық оқиғасын баяндайды.

Туындының бас кейіпкерлері – қиын тағдырды бастан өткерген Дамир мен аутизм диагнозы бар жасөспірім Костя. Бұл – қоғамға бейімделу, инклюзия, мейірімділік пен түсіністіктің құндылығы туралы әсерлі хикая, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінде.

Сценарий авторы – Жанна Тимофеева (дебют), ал қоюшы-суретші – Елена Айтова (дебют). Қоюшы оператор – Александр Плотников. Фильм түсірілімі 2024 жылдың көктемінде Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға