Алматыда фристайлдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды

Алматыда фристайлдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Шешуші жарыс күні акробатика бағдарламасында үздіктер есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясы үздіктер тізімін жариялады.
Ерлер:
1. Ван Синьди (Қытай) 127.50 балл;
2. Ное Рот (Швейцария) 126.70 балл, 2 дүркін әлем чемпионы;
3. Ци Гуанпу (Қытай) 122.60 балл, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы.
Мұнда Ұлттық құрама спортшыларынан жақсы нәтижені Асан Асылхан көрсетті. Ол 101.01 ұпаймен 16-сатыға тұрақтады. Қалған спортшыларымыз:
Роман Погосян 26-орын;
Шерзод Хаширбаев 27-орын;
Ұланбәкір Өмірзақов 28-орын;
Дінмұхаммед Райымқұл 32-орын.
Әйелдер:
1. Лора Пил (Аустралия) 115.91 ұпай 2 дүркін әлем чемпионы;
2. Сюй Мэнтао (Қытай) 101.74 балл Олимпиада чемпионы;
3. Даниэль Скотт (Аустралия) 87.06 балл.
Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас 9-орыннан көрінді.
Айта кетейік, 1 наурызда фристайл-могулдан Анастасия Городко қола медаль жеңіп алған болатын.
