Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
28.10.2024 13:30
455
Алматыда есірткі жарнамасы жазылған парақты таратқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтін жазылған парақтарды жабыстырып жүрген екі адам ұсталды.
Оларда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі заттарын сататын Телеграм каналға сілтеме жасалады, - дейді ведомство.
Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті