Жаңалықтар

Алматыда ерлі-зайыптыларды атып кеткен ер адам ұсталды

Алматыда ерлі-зайыптыларды атып кеткен ер адам ұсталды
Фото: Видеодан кадр 07.01.2025 20:06 535

Алматыда полицейлер аса ауыр қылмыстың бетін ашты. Оқиға Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 желтоқсанда болған. Ер кісі ерлі-зайыптыларды атып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қарақшылық шабуылдан соң ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр.

Қалалық Полиция департаменті қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталғанын атап өтті. Күдікті - Жетісу өңірінен келген 38 жастағы ер адам. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды.

Күдікті  өзі барып жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыларды тонауды жоспарлағанын мойындады. Сол кезде ол жұмыс берушілердің сейфін байқап қалған. Бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең зардап шеккендердің есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытқан қаскөй олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастады. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыларды атып, қашып кеткен, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талант Исаев.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға