Жаңалықтар

Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, Қазақстан рекордтар кітабына енді

Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, Қазақстан рекордтар кітабына енді
Фото: Видеодан кадр 01.05.2025 22:11 146

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласында ұзындығы 1704 метр болатын лағман дайындалды. Бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 келі ұннан дайындалған қамырдан ерекше тағамды небәрі екі сағат ішінде 50-ден астам аспаз бен аудан тұрғындары бірлесе әзірледі. Шараға түрлі этностардың өкілдері — қазақтар, ұйғырлар, дүнгендер, кәрістер мен өзбектер қатысты. 

Мұндай лағман - ел тарихында алғаш рет. Біз бұл жерде тек ұзындықты емес, бірліктің қуатын да тіркеп отырмыз, — деді Қазақстан рекордтар кітабының өкілі.

Қала әкімдігі бұл лағман жай ғана гастрономиялық рекорд емес, достық пен татулықтың шынайы символына айналғанын атап өтті.  

Айта кетейік, іс-шараны Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары ұйымдастырды.

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға