Жаңалықтар

Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді

Алматыда электр желілерін дамыту жоспары әзірленді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 30.11.2024 12:07 109

Алматы қаласында 2030 жылға дейін электр желілерін дамыту бойынша жаңа жоспар әзірленді. Бұл туралы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер құжат мегаполистегі электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және электр энергиясының сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Жүргізілген талдау нәтижесінде 2030 жылға қарай Алматыдағы тұтыну қуаты 48%-ға артып, 1450 МВт-қа жететіні анықталды. Осыған байланысты жоспардың басты міндеттеріне мыналар кіреді:

• жаңа қосалқы станцияларды салу;
• электр желілерін жаңғырту және қайта құру;
• әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру;
• жаңа тарату пункттерін орнату;
• электр беру желілерін ауыстыру.

Аталған іс-шараларды іске асыру жаңа тұтынушыларды қосуға жағдай жасап, алдағы он жылдықтағы ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға