Жаңалықтар

Алматыда екі мыңнан астам мопед тіркелді

Алматыда екі мыңнан астам мопед тіркелді
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 05.03.2025 10:03 301

Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полициясы 2024 жылы “Жол жүрісі туралы” Заңға өзгертулер енгізілгенін еске салды. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары және оларға барлық заң талаптары қолданылады. Бүгінгі күні 2013 мопед иесі ресми тіркеу рәсімін аяқтады.

Қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайту, сондай-ақ еліміздің ірі қаласындағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Алматы қаласының полиция қызметкерлері барлық жерде мопед иелеріне, көлік құралдарын тіркеу және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың 5 сәуірінен кейін мопедін уәкілетті органда тіркемеген және “А1” санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Ал көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады, - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға