Алматыда екі автобус соқтығысты

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
10.03.2024 22:30
1038
Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік апаты бүгін таңертең Алатау ауданында болған. Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, 75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алдында тұрған қоғамдық көлікті соққан. Осы сәтте автобустан түсіп жатқан жолаушылар зардап шекті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да үш адам газдан уланып қайтыс болды
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды