Жаңалықтар

Алматыда екі апта бұрын жоғалған жігіт үйіне аман оралды

Алматыда екі апта бұрын жоғалған жігіт үйіне аман оралды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 27.08.2023 13:23 723

Алматыда бір айға жуық уақыт бұрын полиция іздеу салған жігіт аман табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Алматы қалалық полиция департаменті биыл 13 тамызда Бостандық ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағым түсіргенін атады. Ол биылғы жылдың 7 тамызы күні 2004 жылы туған Н. есімді ұлының үйінен шығып қайта оралмағанын мәлімдеген. 

Әйелдің сөзінше ұлының денсаулығымен байланысты мәселелер болған көрінеді. Жыл басынан бері ұлы үйінен үш рет, өткен жылы үйден төрт рет кетіп қалған екен. 

Н. есімді азаматтың хабарсыз жоғалу дерегі бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында іздеу ісі тіркелді. Арнайы іздеу тобы құрылды. Жас жігіт табылды. Қазір ол туған-туыстарымен бірге, - деп жазылған қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға