Алматыда дзюдошыны белгісіз біреулер өлтірмек болды
Алматы полициясы спортшы Дамир Исахановқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Желіде тараған мәліметте Алматыда «дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановты бірнеше адам өлтірмек болғаны» жазылған. Соққылардың бірі кеуде тұсына тиген. Спортшы тірі. Зардап шегушінің қорғаушылары қылмыстық іс жеңіл бап бойынша қозғалғанын алға тартуда.
Аталған іске байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Істі тергеу барысы Алматы ПД басшысының жеке бақылауында, - делінген ПД таратқан мәліметте.
Дамир Исаханов Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатына қатысқан.