Жаңалықтар

Алматыда дзюдодан Б.Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Б.Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 27.06.2024 16:48 582

4-7 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған. Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.

Жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.  

Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Жарыс бағдарламасы

4 шілде

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00*

Финал – 17:00*

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг,  -66 кг, -73 кг

Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг,-57 кг,

5 шілде

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00*

Финал – 17:00*

Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг

Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг

6 шілде

Жастар

Жарыстың басталуы - 10:00*

Финал – 17:00*

Ұлдар: -60 кг, -66 кг

Қыздар -48 кг, -52 кг

Жастар

Жарыстың басталуы – 10:00*

Финал – 17:00*

Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға