Жаңалықтар

Алматыда Дулати даңғылы үш күнге жабылады

Алматыда Дулати даңғылы үш күнге жабылады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.07.2024 01:02 409

Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі үш күнге жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 шілде түнгі сағат 23:00-ден 11 шілде сағат 11: 00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат сайтта орналастырылған Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis және «Яндекс карталар» сервистерінде бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға