Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтап, олардың әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар жарияланған "Профилактика жылы" аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы оңтүстік бағыттағы Құлжа тас жолының Рысқұлов көшесімен қиылысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. Атап айтқанда, BMW көлік жүргізушісі қауіпті маневр жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы апаттық жағдай туғызған.
Полицейлер жүргізушінің жеке басын шұғыл анықтап, оны жауапкершілікке тартты. 21 жастағы азаматқа қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
