Жаңалықтар

Алматыда «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экоакциясы өтті

Акцияға 82 мыңнан астам адам қатысты
Алматыда «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экоакциясы өтті
Фото: © almaty_akimat 22.04.2023 18:36 1246

82 мың алматылық Almaty Clean & Green экоакциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алматыда 22 сәуірде алғаш рет қоғамдық ұйымдардың бастамасымен Almaty Clean & Green кең ауқымды экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны Алматы әкімдігі қолдады.

Қала әкімі Ерболат Досаев екі жердегі – Баум тоғайы мен Медеу ауданындағы экоакцияға қатысты. Айтуынша, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар мегаполисте жақсы дәстүрге айналуға тиіс.

Акцияға 82 мыңнан астам адам қатысып, 5 мың көшет егіліп, 15 мың м3 астам қоқыс жиналды.

Экологиялық акцияны амбассадорлар, танымал әртістер бірауыздан қолдады.

Игі бастамаға аудандық әкімдіктер де атсалысып, өздерінің аумағында коммуналдық қызметпен бірлесіп, жергілікті жерде сенбілік өткізді. Акция барысында қаланың барлық ауданында 26 аумақ тазартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға