Жаңалықтар

Алматыда биыл 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Алматыда биыл 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Фото: © El.kz 22.06.2023 13:18 837

Жыл басынан бері Алматы қаласында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29 400 жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде болады деп бағалап отырмыз. Биылғы 5 айда мегаполис экономикасы қарқынды түрде өсті. Қысқа мерзімде экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін, жылдық инфляцияның баяулауы аясында іскерлік белсенділік индексі 58,7% тармаққа дейін жеделдеді. Сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қоймалау – экономикалық өсімнің драйвері болды, - деді Е. Досаев  елордалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, есепті кезеңде негізі капиталға 484 млрд теңге инвестиция тартылған.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға