Жаңалықтар

Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі

Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі
Фото: t.me/almaty_akimat 06.03.2023 16:46 1094

Алматыда сот шешімі бойынша тротуарда және жалпыға ортақ жерлердегі бірнеше сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі. Бұған дейін Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бұл жерді кәсіпкер әкімдіктен жалға алған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалдау мерзімі біткен соң бизнесмен жерді мемлекетке қайтарудан бас тартты. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы оны сотқа берді. 2021 жылдың қыркүйегінде ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған ғимараттарды бұзып, жерді жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады.

Алматы қалалық соты меншік иесінің талап арызын қараусыз қалдырды. Қазір бірінші сатылы соттың шешімі заңды күшіне енді. Ғимараттарды бұзу мерзімін сот орындаушысы тағайындайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға